2012 жылы Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Май ауданыңын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) 50 жастан асқан адамдар;
Тармақша 3
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
Тармақша 4
4) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Е. Ахамбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.