Об определении в 2012 году оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысының 12-тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми–зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысының негізінде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын:
Тармақша 1
1) жаздық дәнді (бидай, арпа, сұлы, қара құмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
Тармақша 2
2) бұршақтұқымдастар (бұршақ, аңқа) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
Тармақша 3
3) майлы (рапс, күнбағыс, зығыр, қыша) 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
Тармақша 4
4) күзгі дәнді (қара бидай, бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
Тармақша 5
5) картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С. Болатовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ К. Аскаров