О предоставлении в 2012 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта, и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, подъемного пособия и социальной поддержки Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекеттерін 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға таратады. КЕЛІСІЛГЕН: "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________ Н. Кушербаев "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________ Г. Жидебаева