Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылға интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева) квоталанған жұмыс орындарына интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдем жасасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.