Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну 15 мамырдан 2012 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 4
Әкімдіктің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 236 қаулысына қосымша 2012 жылға арналған субсидияланатын басымды ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері № Ауыл шаруашылық дақылдарының атауы Себу мерзімі 1 Жазғы бидай 15 мамырдаң 5 маусымға дейін 2 Күздік бидай Күздік қара бидай 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 3 Сұлы Арпа Тары Қарақұмық 15 мамырдан 5 маусымға дейін 4 Бұршақтұқымдас 15 мамырдан 5 маусымға дейін 5 Майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін 6 Картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін 7 Көкөніс-бақша дақылдары 25 сәуірден 10 маусымға дейін 8 Жемшөптік, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші мерзім - 20 сәуірден 31 мамырға дейін, екінші мерзім - 5 шілдеден 1 тамызға дейін 9 Шабындық жерлерді шалғындандыру үшін егілген көпжылдық шөптер 30 сәуірден 15 шілдеге дейін 10 Жүгері 15 мамырдан 31 мамырға дейін