О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына және 8 тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ":
"Науырзым ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ Н. Дехтярева