Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді беру мерзімдері 2012 жылғы 11 мамырдан 11 маусымға дейін болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 11 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады. КЕЛІСІЛДІ: "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндеттерін атқарушы __________________ М. Мурзин
Басқа 5
Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 1420 қаулысына қосымша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері № Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы Себу мерзімдері 1 Жаздық бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тары, бұршақтұқымдастар 15 мамырдан 5 маусымға дейін 2 Шабындық жерлерді шалғындандыру үшін егілген көпжылдық шөптер 20 сәуірден 31 мамырға дейін және 5 шілдеден 1 тамызға дейін 3 Майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін 4 Жемшөптік, бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер 20 сәуірден 15 шілдеге дейін және 5 шілдеден 1 тамызға дейін 5 Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс 15 мамырдан 31 мамырға дейін 6 Күздік бидай және қара бидай 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 7 Көкөніс және бақша дақылдары 25 сәуірден 10 маусымға дейін 8 Картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін