Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың 10 маусымына дейін субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері анықталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ф. Аракелянға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 5. 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Әкімдіктің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 652 қаулысына қосымша 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері № Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы Себу мерзімдері 1 Жазғы бидай 15 мамырдан 5 маусымға дейін 2 Күздік бидай 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 3 Күздік қара бидай 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 4 Сұлы 15 мамырдан 5 маусымға дейін 5 Арпа 15 мамырдан 5 маусымға дейін 6 Тары 15 мамырдан 5 маусымға дейін 7 Қарақұмық 15 мамырдан 5 маусымға дейін 8 Бұршақтұқымдас 15 мамырдан 5 маусымға дейін 9 Майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін 10 Картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін 11 Көкөніс-бақша дақылдары 25 сәуірден 10 маусымға дейін 12 Жемшөптік, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер 30 сәуірден 15 шілдеге дейін бірінші мерзім 20 сәуірден 31 мамырға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден 1 тамызға дейін 13 Шабындық жерлерді шалғындандыру үшін егілген көпжылдық шөптер бірінші мерзім 20 сәуірден 31 мамырға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден 1 тамызға дейін 14 Жүгері және сүрлемдік күнбағыс 15 мамырдан 31 мамырға дейін