Об утверждении квот закупа зерна в государственные ресурсы зерна в разрезе областей из урожая 2012 года Қолданыста
Басқа 0
2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік астық ресурстарына 2012 жылғы өнімінен астықты сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 438 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті (Хасенов С.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 4. 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510
бұйрығымен бекітілген
2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Облыс атаулары
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып
алу квотасының көлемі, мың тонна
Ақмола
41,0
Шығыс Қазақстан
8,0
Қарағанды
5,5
Қостанай
52,2
Павлодар
3,0
Солтүстік Қазақстан
59,1
БАРЛЫҒЫ
168,8