Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға басым дақылдардың тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2012 жылға басым дақылдардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2012 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі                        А. Мамытбеков 2012 жылғы 22 қазан
Басқа 7
Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазан № 314 қаулысына 1–қосымша 2012 жылға басым дақылдардың тізбесі № р/с Басым дақылдардың атауы 1 Тары 2 Арпа 3 Майлы дақылдар (мақсары) 4 Картоп 5 Көкөніс және бақша дақылдары 6 Жабық топырақтағы көкөністер 7 Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер 8 Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
Басқа 8
Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазан № 314 қаулысына 2–қосымша 2012 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары № р/с Басым дақылдарының атауы 1 гектарға бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге 1 Дәнді дақылдар (бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы) 400 2 Майлы дақылдар 3 400 3 Картоп (дәстүрлі технология) 20 000 4 Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару немесе басқа да озық технологияларды қолдану арқылы өсірілетін картоп 24 000 5 Көкөніс және бақша дақылдары (дәстүрлі технология) 15 000 6 Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару технологиясын қолданумен өсірілетін көкөніс және бақша дақылдары 24 000 7 Жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым) 2 500 000 8 Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер 45 000 9 Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер 900