Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 4) тармақшасына, 66 тармағына сәйкес сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері мен субсидиялардың нормалары:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
2012 жылғы 22 қазан
Басқа 7
Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазандағы
№ 316 қаулысына 1 қосымша
2012 жылға субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№ р/с
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
1
Аммиак селитрасы (N-34,4 %)
тонна
50
28 900
2
Жай суперфосфат (Р2О5-19 %)
тонна
50
24 500
3
Аммофос (N-10%; Р2О5-46%)
тонна
50
45 000
4
Хлорлы калий (К2О-42,2; КCL-65%)
тонна
50
30 000
5
Күкірт қышқылды калий, тазартылған (калий сульфаты) (К2О -53%)
тонна
50
72 500
Басқа 8
Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазандағы
№ 316 қаулысына 2 қосымша
2012 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары
№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы
Бір өлшем бірлігіне субсидиялардың нормалары, теңге
1
Нитроаммофоска (N-15%; Р2О5-15%; К2О-15%)
тонна
50-ге дейін
46 500
2
Калий нитраты (N-13,5%; К-46,2%)
тонна
20-ға дейін
103 620
3
Монокалий фосфат (Р2О5-52%; К2О-34%)
тонна
20-ға дейін
101 736
4
Кальций нитраты
(N-15,5%)
тонна
20-ға дейін
47 410
5
Магний нитраты
(N-11%)
тонна
20-ға дейін
48 042