Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2013 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2013 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабының 2) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданында 2013 жылға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына кіретiн тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығының міндеттерін атқарушы ___________ Дангилов С.С.
Басқа 5
Әкімдіктің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 359 қаулысына қосымша Әулиекөл ауданында 2013 жылға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуына екi жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
Тармақ 13
13. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
Тармақ 14
14. Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 15
15. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық).
Тармақ 16
16. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
Тармақ 17
17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар.