Об организации и обеспечении на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан мужского пола Республики Казахстан с января по март 2013 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында 2013 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландырылуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2013 жылы қаңтар-наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі РММ Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Ә. Әубәкіров 10 желтоқсан 2012 жыл