Об организации и обеспечении на территории Аккайынского района Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан мужского пола Республики Казахстан с января по март 2013 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2013 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландырылуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 27 маусымындағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2013 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұкановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
В. Гриб
2012 жылдың 12 желтоқсаны