Об организации общественных работ на 2013 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2013 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі айқындалсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері айқындалсын (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жалақының ең төменгі мөлшерінде жүргізілсін.
Тармақ 4
4. "Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.К. Аймағамбетова) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева):
Тармақша 1
1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жалақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған атқарылған жұмыстар актісі мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 39/01 қаулысына 1 қосымша Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бұқар жырау бөлімшесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. "Бұқар жырау аудандық жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. "Бұқар жырау ауданы бойынша салық Басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. "Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. "Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. "Бұқар жырау ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Бұқар жырау ауданының селолар, селолық, ауылдық округтер және кенттер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері.
Тармақ 12
12. "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі " мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. "Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. "Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. "Бұқар жырау аудандық соты" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының Бұқар жырау аудандық бөлімшесі.
Тармақ 20
20. "Бұқар жырау ауданының Статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 21
21. "Бұқар жырау аудандық Қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 22
22. "Бұқар жырау ауданы мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 23
23. "Жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Бұқар жырау филиалы.
Тармақ 24
24. "Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Басқа 35
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 39/01 қаулысына 2 қосымша Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Тармақ 1
1. Жалғыз басты мүгедектерге, егде азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету - сомасы 1790,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру - сомасы 2239,0 мың теңге.
Тармақ 3
3. Зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 150,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. Жастар және жасөспірімдер арасында жұмыс ұйымдастыру – сомасы 4478,0 мың теңге.
Тармақ 5
5. Халықпен жұмыс, мүлікке, транспорт құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізу – сомасы 1493,0 мың теңге.
Тармақ 6
6. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу - сомасы 150,0 мың теңге.
Тармақ 7
7. Құжаттарды көбейту және тарату, хаттар мен шақыру қағаздарды жеткізу, құжаттарды жөндеуді жүзеге асыру – сомасы 450,0 мың теңге.
Тармақ 8
8. Көлік жабдықтарын тіркеу картотекасын енгізу, құжаттандыру номенклатурасын жинау – сомасы 150,0 мың теңге.
Тармақ 9
9. Құжаттарды жөндеу, электрондық базаны енгізу – сомасы 600,0 мың теңге.
Тармақ 10
10. Кадастрлық материалдарды қалыптастыру – сомасы 150,0 мың теңге.
Тармақ 11
11. Мұрағаттық құжаттарды жөндеу – сомасы 300,0 мың теңге.
Тармақ 12
12. Құжаттармен жұмысқа көмектесу – сомасы 450,0 мың теңге.
Тармақ 13
13. Кент және селоларды көгалдандыру және абаттандыру – сомасы 6126,0 мың теңге
Тармақ 14
14. Шақыру қағаздарын жеткізу, Қарулы Күштер қатарына шақыру бойынша халықпен жұмыс жүргізу – сомасы 300,0 мың теңге.
Тармақ 15
15. Әділет органдарында құжаттарды жөндеу бойынша жұмыс жүргізу – сомасы 450,0 мың теңге.
Тармақ 16
16. Электрондық деректер базасын техникалық өңдеу – сомасы 150,0 мың теңге.
Тармақ 17
17. Мұрағат құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу – сомасы 150,0 мың теңге.
Тармақ 18
18. Құжат айналымын және автоматтандырылған ақпараттық жүйе электрондық базасын жүргізу – сомасы 150,0 мың тенге.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй инспекциясының жұмысына көмек - сомасы 150,0 мың тенге.
Тармақ 20
20. "Адресный регистр" электрондық базасын енгізу - сомасы 150,0 мың тенге.
Тармақ 21
21. Құжат айналымын, кіріс және шығыс корреспонденцияларын жүргізу - сомасы 150,0 мың тенге.
Тармақ 22
22. Өсімдік және мал шаруашылығының деректерін шаруашылық кітабі бойынша салыстыру - сомасы 300,0 мың тенге.
Тармақ 23
23. Коммуналдық есеп жекеменшігі бойынша электрондық базаны жүргізу – сомасы 150,0 мың тенге. Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары: Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, алты сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы,орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі, жұмыс шарттарына байланысты жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысаны қолданылады. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.