О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2013 год Қолданыста
Басқа 0
Ауданда 2013 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осакаров ауданының аймағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі келесі жұмыссыз азаматтардың санаттарымен анықталсын:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалар;
Тармақша 2
2) 50-ден асқан әйелдер;
Тармақша 3
3) 55-тен асқан ерлер;
Тармақша 4
4) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
Тармақша 5
5) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
Тармақша 6
6) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса алғанда.
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
Тармақша 1
1) зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ұзартылсын;
Тармақша 2
2) зейнеталды жастағы (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалардан басқа, мүгедектердің, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.