Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2013 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағының, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін: 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар; орта арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік қайта даярлау курстарын бітірушілер; жасқа байланысты еңбекке жарамсыз тұлғалар (елу жастан жоғары); "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, олар үшін лайықты жұмыс болмаған жағдайда.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бастығы _________________ Т. Волоткевич