Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2013 году Қолданыста
Басқа 0
2013 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар;
Тармақша 6
6) зейнеталды жастағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 13
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады;
Тармақша 14
14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 15
15) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін адамдар;
Тармақша 16
16) қырық бес жастан асқан адамдар.
Тармақ 2
2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 2/01 "2012 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-127 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 ақпандағы N 8 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.