Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Узункольском районе на 2013 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ Г. Асқарова
Басқа 4
Әкімдіктің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесі
Тармақ 1
1. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
Тармақ 3
3. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 4
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі және оданда артық айлар).