О предоставлении специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района, социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья в 2013 году Қолданыста
Басқа 0
Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2013 жылғы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысына бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға арналған бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Ақкөл аудандық мәслихаттың «Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы» 2012 жылғы 8 тамыздағы № С 8-2 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-187 тіркелген, 2012 жылғы 7 қыркүйек «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылғандығы танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі Р.Әкімов