Қолданыстағы ред. 11.02.2013

2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы от 11.02.2013 г. № 22 (2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы)

0

2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2013 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:

1

1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);

2

2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

3

3) туберкулездік, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының аурулармен ауыратын тұлғалар, адамның иммун тапшылығының вирусын жұқтырған тұлғалар, иммун тапшылығы синдромын жұқтырған тұлғалар;

4

4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі өткен тұлғалар.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

3

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.