Об организации оплачиваемых общественных работ на 2015 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 424
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ на 2015 год
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 424
- Қабылданған күні
- 29.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 85831_482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NR005294
- ЭКБ идентификаторы
- 85831
- Редакция идентификаторы
- 85831_482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:13
0 2015 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына сәйкес, сондай-ақ жұмыссыз тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) қоса берiлiп отырған 2015 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары;
2 2) қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi аудандық бюджет қаражаты есебiнен айына ең төменгi айлық жалақының екi мөлшерiнде бекітілсін.
2 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мыналар:
1 1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк салық, ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері аудандық бюджеттен өтеледi;
2 2) жалақыны есептеу және төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банк қызметтерi үшiн комиссиялық сыйақы төлеу шығындары шартпен белгiленген мөлшерде аудандық бюджеттен өтеледi деп анықталсын.
3 3. «Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
4 4. Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 349 «2015 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы жойылсын.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ