Құжат мәтініне өту

Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья на 2016 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года

Қаулы · № 70 · қабылданған 18.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-2020-ekb-106069/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья на 2016 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года Қолданыста Қаулы ·№ 70 ·18.02.2016
18.02.2016 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья на 2016 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года

Қолданыста Қаулы ·№ 70 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование и (или) строительство жилья на 2016 год в рамках Программы развития регионов до 2020 года
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70
Қабылданған күні
18.02.2016
Көрсетілген редакция
18.02.2016 106069_110689.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000070
ЭКБ идентификаторы
106069
Редакция идентификаторы
106069_110689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:26

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 70 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары

1 1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар

белгіленеді:

1

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін мәслихаттардың шешімдерін ұсынуы;

2 2) қарыз алушыларға 2845045000 (екі миллиард сегіз жүз қырық бес миллион қырық бес мың) теңге сомасындағы кредиттер Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді жобалау және (немесе) салу үшін 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 9 (тоғыз) жыл мерзімге беріледі;

3 3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2017 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредит беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша

шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік
шартта белгіленеді.

Қолданыстағы