Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2016 году

Қаулы · № 165 · қабылданған 23.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2016-ekb-103344/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2016 году Қолданыста Қаулы ·№ 165 ·23.05.2016
01.01.2017 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2016 году

Қолданыста Қаулы ·№ 165 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2016 году
Атауы (қаз.)
2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165
Қабылданған күні
23.05.2016
Көрсетілген редакция
01.01.2017 103344_96492.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16LH005527
ЭКБ идентификаторы
103344
Редакция идентификаторы
103344_96492
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:03

0 2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 Заңының 8-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тапсырыс берушілер үшін «Сырдария аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

3 3. «Сырдария аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірсерікұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Сырдария ауданы әкімдігінің

2016 жылғы «23» мамырдағы № 165
қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/р
Атауы
1.
Тауарлар:
1)
жиһаздарды сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген екі мыңнан бес мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1)
Аудандық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1)
лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

Қолданыстағы