О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья в 2017 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья в 2017 году
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға арналған Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С 8-3
- Қабылданған күні
- 23.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2016 108718_133981.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BC005662
- ЭКБ идентификаторы
- 108718
- Редакция идентификаторы
- 108718_133981
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:38
0 2017 жылға арналған Ақкөл ауданының
ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге
және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға көтерме
жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе
салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және аулдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1
1. 2017 жылға арналған Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі
Т.Қ. Едігенов
23 желтоқсан 2016 жыл