Об утверждении распределения между переработчиками объемов тарифных квот, выделенных для переработчиков на 2017 год Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға
бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін
қайта өңдеушілер арасында бөлуді
бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Басқа 0. Қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығымен бекітілген
Қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу
№
Қайта өңдеушілердің атауы
Қатысушының бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
тонна
Ірі қара малдың еті, мұздатылған (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0202)
1
«Тортуманов и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
980340002346
75,012
2
«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
921140000433
2 100,0
3
«Дедов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
090540006914
100,0
4
«КазГруХолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
090540001021
80,0
Барлығы
2 355,012