Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год

Қаулы · № 03 · қабылданған 06.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-109299/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год Қолданыста Қаулы ·№ 03 ·06.01.2017
06.01.2017 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год

Қолданыста Қаулы ·№ 03 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации на 2017 год
Атауы (қаз.)
2017 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
03
Қабылданған күні
06.01.2017
Көрсетілген редакция
06.01.2017 109299_145462.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SH004028
ЭКБ идентификаторы
109299
Редакция идентификаторы
109299_145462
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:28

0 2017 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7, 8 тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, 2017 жылға Қызылжар ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, 2017 жылға Қызылжар ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «06» қаңтар
№ 03 қаулысына
1-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота үлесі
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Петерфельд-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
1%
1

6 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «06» қаңтар
№ 03 қаулысына
2-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота үлесі
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Большемалышенское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
1%
1

Қолданыстағы