О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2017 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2017 году
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 18.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2017 109311_152521.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LD005701
- ЭКБ идентификаторы
- 109311
- Редакция идентификаторы
- 109311_152521
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:25
0 2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тапсырыс берушілер үшін «Қазалы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3 3. «Қазалы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш.Сыдықов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазалы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «18» қаңтардағы
№15 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№
р/с
Атауы
1.
Тауарлар:
1)
Сұйық отын (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бірлік елді мекеніндегі Тәуелсіздік және Рамберді ишан көшелерін орташа жөндеу
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің ғимаратын күзет қызметімен қамтамасыз ету