О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2017 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2017 году
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1007
- Қабылданған күні
- 25.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2017 109529_158737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LI005713
- ЭКБ идентификаторы
- 109529
- Редакция идентификаторы
- 109529_158737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:22
0 2017 жылы өткізілетін бірыңғай
мемлекеттік сатып алулардың
кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының
3) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып «Шиелі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2 2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер айқындалсын.
3 3. «Шиелі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Шиелі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы«25» қаңтардағы
№1007 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер
№ р/р
Атауы
1.
Тауарлар:
1.1.
Отын (дизель) (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000 мыңнан (төрт мың) асатын айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда)
1.2.
Отын (көмір) (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000 мыңнан (төрт мың) асатын айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда)
2.
Жұмыстар:
2.1.
Әлеуметтік нысандардарға жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары
2.2.
Әкімшілік ғимараттарға жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары
3.
Қызметтер:
3.1.
Лицензияланған бағдарламалық өнімді қамтамасыз етуді техникалық қолдау (оларды алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 4 000 мыңнан (төрт мың) 20 000 мыңға (жиырма мың) дейінгі айлық есептік көрсеткіш болған жағдайда)