Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лицы освобожденных из мест лишения свободы и состоящих на учете службы пробации по городу Актау на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лицы освобожденных из мест лишения свободы и состоящих на учете службы пробации по городу Актау на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы бойынша 2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 512
- Қабылданған күні
- 14.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2017 110860_170479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MA003303
- ЭКБ идентификаторы
- 110860
- Редакция идентификаторы
- 110860_170479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:45
0 Ақтау қаласы бойынша 2017 жылға
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған және пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-атанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтау қаласы бойынша 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1 1) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін бір пайыз мөлшерінде;
2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайыз мөлшерінде;
3 3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бір пайыз мөлшерінде.
2
2. Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 962 «Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2483 болып тіркелген, 2014 жылдың 15 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2016 жылғы 18 наурыздағы № 506 «Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 962 «Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3015 болып тіркелген, 2016 жылдың 22 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
3
3. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________Г.Н. Хайрлиева
« 14 » наурыз 2017 жыл