Құжат мәтініне өту

Об утверждении распределения между переработчиками объемов тарифных квот, выделенных для переработчиков на 2018 год

Бұйрық · № 291 · қабылданған 05.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-123724/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении распределения между переработчиками объемов тарифных квот, выделенных для переработчиков на 2018 год Қолданыста Бұйрық ·№ 291 ·05.07.2018
05.07.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении распределения между переработчиками объемов тарифных квот, выделенных для переработчиков на 2018 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 291 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении распределения между переработчиками объемов тарифных квот, выделенных для переработчиков на 2018 год
Атауы (қаз.)
Өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
291
Қабылданған күні
05.07.2018
Көрсетілген редакция
05.07.2018 123724_340433.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017223
ЭКБ идентификаторы
123724
Редакция идентификаторы
123724_340433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:48

0 Өңдеушілер үшін 2018 жылға

бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін
өңдеушілер арасында бөлуді
бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

0 Өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 5 шілдедегі
№ 291 бұйрығымен бекітілген
Өңдеушілер үшін 2018 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін өңдеушілер арасында бөлу

Өңдеушілердің атауы
Қатысушылардың бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
тонна
Ірі қара малдың еті, мұздатылған (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0202)
1
«Астана Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
080640001896
4 500,0
2
«Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
030740002165
300,0
3
«Тұлпар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фирмасы
920940000876
500,0
Барлығы
5 300,0

Қолданыстағы