Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2018 год

Бұйрық · № 157 · қабылданған 11.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-123727/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2018 год Қолданыста Бұйрық ·№ 157 ·11.07.2018
11.07.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2018 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 157 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2018 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
157
Қабылданған күні
11.07.2018
Көрсетілген редакция
11.07.2018 123727_340591.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017219
ЭКБ идентификаторы
123727
Редакция идентификаторы
123727_340591
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:45

0 Қазақстан Республикасы Президентінің

2018 жылға арналған стипендиясын
жоғары оқу орындары бойынша
бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16818 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 147 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А. Сүйінов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялауға, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2018 жылғы кезеңге төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 11 шілдедегі
№ 157 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы
Студенттерге арналған
стипендия
1.
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі
3
2.
«Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі
4
3.
«Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі
4
Барлығы:
11

Қолданыстағы