Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования на 2020-2021 учебный год Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Ақтөбеоблысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдесі № 271 қаулысына қосымша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы № Бі­лім бе­ру са­ла­сы­ның ко­ды және сы­нып­та­луы Жо­ға­ры бі­лім бе­ру­дің да­яр­лау ба­ғы­ты­ның ко­ды және ата­уы 2020-2021 оку жы­лы­на мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­рыс кө­ле­мі Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) / 1 студентті оқытуға жұмсалатын 1 (бір) кредиттің шығысы (теңге) 1 2 3 4 5 Ұлт­тық жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да Бас­қа жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да 1 6B01 Педагогикалық ғылымдар 6В013 Пән­дік ма­ман­дан­ды­рыл­ма­ған мұ­ға­лім­дер­ді да­яр­лау 0 0 /0 6В015 Жа­ра­ты­лы­ста­ну пән­де­рі бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер да­яр­лау 31 901,0 /15 017 6В017 Тіл­дер және әде­би­ет бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер­ді да­яр­лау 10 901,0 /15 017 2 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар 6В021 Өнер 2 888 6B022 Гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар 5 922,5 /15 375 3 6В03 Әле­умет­тік ғы­лым­дар, жур­на­ли­сти­ка және ақ­па­рат 6В032 Жур­на­ли­сти­ка және ақ­па­рат 2 714,9 /11 915 4 6B07 Ин­же­нер­лік, өң­деу және құ­ры­лыс са­ла­ла­ры 6B073 Сәу­лет және құ­ры­лыс 2 920,5 /15 342 5 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар 6B081 Аг­ро­но­мия 3 826,9 /13 782 6B083 Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы 1 742,7 /12 378 6B084 Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы 0 0/0 6В086 Су ре­сур­ста­ры және су­ды пай­да­ла­ну 1 826,9 /13 782 6В087 Аг­ро­ин­же­не­рия 0 0/0 6 6В09 Ве­те­ри­на­рия 6В091 Ве­те­ри­на­рия 3 742,7 /12 378 7 7R09 Ден­са­улық сақ­тау (ме­ди­ци­на) 18 815,5 Бар­лы­ғы 78