О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Мартукского района на 2020 год Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылға
әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс
істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылға келесі әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Тармақ 2
2. «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.