Об утверждении формы Типового кредитного договора, заключаемого между уполномоченной организацией по микрокредитованию и микрофинансовой организацией для микрокредитования субъектов малого предпринимательства в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020» Күшін жойған
Басқа 0
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысаны бекіту туралы
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 794 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
___________ қаласы «___» _____ 20__жыл
Бұдан әрі "Қарыз беруші" деп аталатын микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым (МУҰ атауы), 201___ жылғы ____ _________№____ Сенімхат/ Жарғының негізінде әрекет ететін _________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) атынан бір тараптан, және ______________ (ЗТ атауы) бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын Жарғының негізінде әрекет ететін ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) екінші тараптан, әрі қарай жеке-жеке "Тарап", ал бірлесе келе "Тараптар" немесе жоғарыда көрсетілгендей аталып, төмендегі туралы осы несиені беру Шартын жасасты (әрі қарай - Шарт):
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР:
Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесіні білдіреді:
Қарыз беруші
_______________(МУҰ атауы),
Пошталық мекен-жайы:____________, электронды мекен-жайы:______,
интернет-ресурс: ________
БСН_________________
БСК________________
ЖСК _________
Тел.:
Қарыз алушы
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Заңды мекен-жайы: ___________
Нақты мекен-жайы: _______________
БСН_________________
БСК________________
ЖСК _________
Тел.:
Шағын несие
Қарыз берушінің өтелімділік, мерзімділік, қамтамасыз ету және қайтарымдылық шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында соңғы қарыз алушыға беретін ақша
Кепіл беруші:
Гарант:
(бірнеше кепіл беруші/ гаранттар болған кезде "әрі қарай бірлесе "Кепіл беруші/ гарант" көрсетіледі"
(анықтама қамтамасыз етілетін бағдарламалар үшін қосылады)
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Заңды мекен-жайы:___________
Нақты мекен-жайы: ___________
БСК________________
БСН_________________
ЖСК _________
Тел.:
_________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә толық атауы)
___________ (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) №__________ «___» _________ _______ жылы берілді.
ЖСН ___________________
Заңды мекен-жайы:___________
Нақты мекен-жайы: ___________
Тел.:
Кепіл шарты
Кепілдік шарты
(бірнеше шарт болған кезде "әрі қарай - Кепіл/ кепілдік шарты")
(анықтама қамтамасыз етілетін бағдарламалар үшін қосылады)
1)«__» ____ 201__ жылғы Кепіл шарты №___ ;
2)«__» ____ 201__ жылғы Кепілдік шарты №___
3)
Тарау 1. 1. ШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
1. ШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шартқа сәйкес Қарыз беруші Қарыз алушыға келесі мақсатта, "___"________20 жылға дейінгі мерзімге _______ (________) сомасындағы несиені береді: "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына қатысатын тұлғаларды шағын несиелендіру үшін.
Тармақ 1.2
1.2. Несие осы Шартқа сәйкес Қарыз берушімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте ұйымдарда, өкілетті органдарда Қарыз алушы/ Қарыз берушімен Кепіл шартын тіркегеннен кейін KZ ____________ теңгемен Қарыз алушының банктік шотына аудару жолымен Қарыз берушімен беріледі.
Тармақ 1.3
1.3. Сыйақыны есептеу ағымдағы қарыздың шамасына 4% (төрт пайыз) жылдық мөлшерде есептеледі (белгіленген мөлшерлеме), сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі Шартты жасасу күніне ______% жылдық пайызды құрайды.
Тармақ 1.4
1.4. Осы Шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуі келесі мүлік болып табылады:
Тармақша 1
1) Қарыз берушіге «__» ____ 201__ жылғы №___
Кепіл шартына сәйкес кепілге берілетін от ____________________________________________________________________________.
Мүліктің нарықтық құны ________(____________) ________ сомасында белгіленген;
Тармақша 2
2) "___" __________20 ____ жылғы №_____ Кепіл шартына сәйкес Қарыз берушіге кепілге берілетін:
____________________________________________________________________________.
Мүліктің нарықтық құны ________(____________) ________ сомасында белгіленген;
(әрі қарай "кепілге берілген мүлік" деп бірлесе аталады);
Тармақша 2
2) Кепіл шартына сәйкес толық ортақ жауапкершілік туралы кепіл «__» ____ 201__ жылғы № ___ Кепіл шартына сәйкес.
Тарау 2. 2. НЕСИЕНІ ӨТЕУ ШАРТТАРЫ
2. НЕСИЕНІ ӨТЕУ ШАРТТАРЫ
Тармақ 2.1
2.1. Несиені өтеу әдісі: Қарыз берушінің банктік шотына ақшасыз тәртіппен.
Тармақ 2.2
2.2. Қарыз алушымен жеке таңдалған Қарыз беруші ұсынған ішінен несиені өтеу әдісі: __________________ (аннуитетті (тең төлемдермен өтеу) немесе дифференциалды (тең үлестермен негізгі қарызды өтеу) әдісін немесе басқа әдісті көрсету) және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдерді өтеу кестесінде (Шартқа №1 қосымша) көрсетіледі.
Тармақ 2.3
2.3. Қарыз алушы есептелген сыйақы мен алынған несиені қайтару бойынша қарызды өтеген кезде, ақша Қарыз берушімен келесі кезектілікте қарызды өтеуге жібереді:
есептелген сыйақы;
негізгі қарыз.
Тармақ 2.4
2.4. Қарыз алушы несие бойынша төлемді кешіктірген жағдайда өтеу келесі кезектілікпен жүзеге асырылады:
қарызды өндіру жөніндегі шығындар;
айыппұлдар;
сыйақы бойынша мерзімі кешіктірілген қарызға есептелген өсімақы;
негізгі қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген қарызға есептелген өсімақы;
мерзімі кешіктірілген сыйақы;
мерзімі кешіктірілген негізгі қарыз;
мерзімі кешіктірілген негізгі қарызға сыйақы;
несиені пайдаланғаны үшін сыйақы;
негізгі қарыз.
Тармақ 2.5
2.5. Осы Шарт бойынша негізгі қарызды және/немесе сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы мерзімі кешіктірілген орындаудың әр күні үшін мерзімінде төленбеген сыйақы және/немесе негізгі қарыздың сомасынан осы Шарттың 1.3 тармағымен қарастырылған сыйақының екі еселенген мөлшерлемесі мөлшерінде Қарыз берушіге өсімақыны төлейді.
Тармақ 2.6
2.6. Негізгі қарызды өтеу осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдерді өтеу кестесінде (Шартқа №1 қосымша) көрсетілгендей Қарыз берушінің банктік шотына тікелей ______________ (ай сайын/ 1 (бір) рет үш айда/ 1 (бір), 1 (бір) рет жартыжылда/ 1 (бір) рет жылына) ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2.7
2.7. Сыйақыны өтеу осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдерді өтеу кестесінде (Шартқа №1 қосымша) көрсетілгендей Қарыз берушінің банктік шотына тікелей ______________ (ай сайын/ 1 (бір) рет үш айда/ 1 (бір), 1 (бір) рет жартыжылда/ 1 (бір) рет жылына) ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2.8
2.8. Несиені пайдаланғаны үшін сыйақыны есептеу мерзімін есептеу Қарыз алушының банктік шотына KZ ______________ несие сомасын беру күнінен басталады.
Тармақ 2.9
2.9. сыйақы төлемі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып болып табылатын өтеу кестесіне сәйкес (Шартқа №1 қосымша) негізгі қарызды өтей отырып бірмезгілде жүзеге асырылады.
Тармақ 2.10
2.10. Сыйақы сомасы 30 күнге тең келетін ай, 360 тең келетін жылына күннің санына негізделе отфрфп Қарыз алушының несиені пайдалануының нақты уақыты үшін несие бойынша негізгі қарыздың қалғанына есептеледі.
Тармақ 2.11
2.11. несиені беру және толық көлемде қайтару күні бір күнде қабылданады, бұл кезде жыл 360 күнге, ай 30 күнге тең етіп қабылданады.
Шарттың 2.12. және/немесе 2.13. тармақтары жеңілдік кезеңін беру кезінде қосылады
Тармақ 2.12
2.12. Негізгі қарызды өтеу бойынша ____________ (___________) ай жеңілдік кезеңі орнатылады (Қарыз берушінің өкілетті органының шешіміне сәйкес).
Тармақ 2.13
2.13. Сыйақыны өтеу бойынша ____________ (___________) ай жеңілдік кезеңі орнатылады (Қарыз берушінің өкілетті органының шешіміне сәйкес).
Тарау 3. 3. СОҢҒЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕНІ БЕРУ ШАРТТАРЫ
3. СОҢҒЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕНІ БЕРУ ШАРТТАРЫ
Тармақ 1
1. Соңғы қарыз алушыларға шағын нестені беру тек ақшасыз жолмен/ ақшасыз жолмен қалай болса, банктік шоттан ақшалай қаражатты шешу жолымен жүзеге асырылады (Қарыз берушінің өкілетті органының шешіміне сәйкес көрсету) келесі шарттарда:
Соңғы қарыз алушы
Келесі кәсіпкерлерді есепке алмағанда салалық шектеулерсіз ауылды жерлерде, шағын қалаларда және моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған және (немесе) іске асыратын кәсіпкерлер, бастауыш кәсіпкерлер:
1)жеке өндірісінен жүзімнен шарапты әзірлеу және моторлы көлік құралдарын шығаруды қарастыратын жобаларды есептемегенде, акциздік тауарлар/ өнімдердің шығарылымын жүзеге асыратын;
2)Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1434 қаулысына сәйкес мониторингке жатқызылатын ірі салық төлемшілерінің тізіміне қосылған металлургиялық өнеркәсіпте жобаларды іске асырушы;
3)қиыршық тас және құмдақ карьерлерде әзірлеуге жобаларды есептемегенде, тау кен шығаратын өнеркәсіпте өзінің қызметін жүзеге асырушы;
4)акцияларының елу және одан астам пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны санамағанда) тиесілі болатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдары құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ жеке меншік мекеме ретінде ресімделген жеке меншік түрі бар заңды тұлғалар
Шағын несиенің валютасы
Теңге
Бір Соңғы қарыз алушыға шағын несиенің максималды сомасы
10 000 000 (десять миллон миллион) теңгеден астам емес
Соңғы қарыз алушыға шағын несиені ұсыну мерзімі
54 (Елу төрт) айға дейін
Шағын несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі
12% астам емес жылдық пайыз
Соңғы қарыз алушымен шағын несиені мақсатты пайдалану
Жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және салалық шектеусіз айналым капиталын толықтыру
Қайтарымдылығы
100%
Соңғы қарыз алушымен шағын несиені қайтаруды қамтамасыз ету
Соңғы қарыз алушыларға шағын несиені беру кепілдік қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады
Тарау 4. 4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 4.1
4.1. Қарыз алушы құқылы:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. 3 (үш) жұмыс күн бұрын мерзімінен бұрын өтеу туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, нақты пайдаланған уақыты үшін сыйақыны төлей отырып Қарызберушіге алынған несиені қайтара отырып, осы Шарт бойынша қарызды толық көлемде немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеуге ;
Тармақ 4.1.2
4.1.2. осы Шарт бойынша қарызды өтеу есебіне кезекті түсетін ақшаны үлестіру туралы (негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы және басқа да төлеуге жататын сомалар) ақпаратты жазбаша түрде айына бір реттен жиі емес, ақысыз, 3 (үш) айдан астам емес мерзімде өтініш бойынша алуға;
Тармақ 4.1.3
4.1.3. мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы мен басқа да төлеуге жататын сомаларға бөле отырып, қайтаруға тиесілі соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде 3 (үш) айдан астам емес мерзімге ақылы, осы Шарт бойынша ұсынылған Қарыз берушіге жартылай немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша алуға;
Тармақ 4.1.4
4.1.4. егер негізгі қарыз және/немесе сыйақыны өтеудің күні демалыс немесе мереке күніне тұспа-тұс келсе негізгі қарыз және/немесе сыйақыны тұрақсыздық айыбы және айыппұл санкцияларының басқа да түрлерін төлеусіз одан кейінгі жұмыс күнінде төлеу керек. Егер мереке күнін ауыстыруға байланысты жұмыс емес күніне өтеу кестесі бойынша кезекті төлемнің күні тұспа-тұс келген жағдайда, мұндай жұмыс емес күні үшін сыйақыны есептеу осындай жұмыс емес күніне өтеу кестесінде есептелген негізгі қарыздың сомасына негізделе отырып өтеудің келесі кезекті күнінде жүзеге асырылады;
Тармақ 4.1.5
4.1.5. Қарыз берушіге несиені беру мәселелері бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде өтініш беру және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңында белгіленген мерзімдерде жауапты алу.
Тармақ 4.2
4.2. Қарыз алушы міндеттенеді:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. Қарыз берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесі (Шартқа №1 қосымша) және осы Шартпен орнатылған мерзімдерде негізгі қарыз сомасы мен ол бойынша сыйақыны Қарыз берушіге уақытылы өтеуге;
Тармақ 4.2.2
4.2.2. несиені осы Шарттың 1.1 тармағына сәйкес мақсатына қарай пайдалану;
Тармақ 4.2.3
4.2.3. ұсынылған несиені алған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде игеруге;
Тармақ 4.2.4
4.2.4. осы Шарттың мерзімінің барысында Қарыз берушіден тиісті сұраным алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, егер басқа мерзімдер Қарыз берушінің тиісті сұранымында көрсетілмесе, Қарыз берушінің несиені ұсыну кезінде әдетте қойылатын барлық талаптарын сақтауға/ орындауға;
Тармақ 4.2.5
4.2.5. Қарыз берушіге келесі үшін қажетті тиісті түрде рәсімделген ақпаратты және/немесе құжатты ұсынуға: (i) несиені игеру, мақсатты пайдалану, қайтаруды бақылау және/немесе (ii) Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе Қарыз берушінің ішкі нормативті құжаттарына сәйкес несие досьесін құру және/ немесе (iii) өкілетті мемлекеттік органның талаптарын орындау және/немесе (iv) қаржыландыру шарттарына өзгертулер енгізу және/немесе (v) осы Шарт бойынша Қарыз берушінің өз құқықтарын іске асыруға;
Тармақ 4.2.6
4.2.6. несиені мақсатты пайдаланбау анықталған жағдайда Қарыз берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша мақсатты пайдаланбау үшін есептелген айыппұл санкцияларын төлеуді және несиені мақсатты пайдаланбау сомасын қайтаруды мерзімінен бұрын жүзеге асыру. Несиені уақытында пайдаланбау жағдайында Қарыз берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша уақытылы пайдаланбағаны үшін есептелген санкцияларды төлеуге жүзеге асыруға;
Тармақ 4.2.7
4.2.7. бір айдан кешіктірмей Қарыз берушіні өзінің алдындағы немесе жоспарлы таратылуы/ қайта ққрылуы туралы, өзінің құрылтай құжаттарына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу туралы немесе мекен-жайы, банктік деректемелерінің өзгеруі, қосымша несие қаражатын тарту және осы Шартқа сәйкес Қарыз берушінің алдында қабылдаған міндеттерді орындауға ықпал етуі мүмкін басқа да өзгерістері жайлы ақпараттандыруға;
Тармақ 4.2.8
4.2.8. Қарыз берушінің өкілетті өкілдеріне несиені мақсатты және уақытылы пайдалану, қаржылық-шаруашылық қызметіне кез келген уақытта тексеріс жүргізуге кедергі келтірмей, барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Шарттың талаптарына сәйкес кеңсе және өндірістік орынжайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
Тармақ 4.2.9
4.2.9. оқиға болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қарыз берушіні жазбаша түрде хабардар етуге: Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс (банктің атауы мен осындай шоттың нөмірін хабарлай отырып) Қарыз алушымен банктік шоттарды ашу туралы (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда немесе басқа несие ұйымдарында );
Тармақ 4.2.10
4.2.10. осы Шарттың әрекет ету мерзімінің барысында, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері, қаржы ұйымдары, халықаралық ұйымдар және басқа да қаржылық институттар/ инвесторлардың тарапынан қарызды алуды тек Қарыз берушінің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асыруға;
Тармақ 4.2.11
4.2.11. Қарыз берушіне Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс барлық банктерден (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда немесе басқа несие ұйымдарында) тізбені, сондай-ақ Қарыз алушының оның алдындағы қарызының мөлшері мен болуы туралы мәліметті ұсынуға;
Тармақ 4.2.12
4.2.12. қарыз алушымен басқа банктермен (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда немесе басқа несие ұйымдарында) жасалған және келешекте жасалатын банктік шоттың шарттарына бір жылдың ішінде сақтауға және картотекасына Қарыз берушінің орындалмаған төлем талап-тапсырмаларын қабылдау туралы (банктік шотында ақшаның жетіспеушілігінен) шартты қосуға;
Тармақ 4.2.13
4.2.13. Қарыз берушіге ұсыну:
Тармақша а
а) әр жыл аяқталғаннан кейін 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірме салық жылдық қаржылық есептер және/немесе аудиттелген (егер болса) есептерді, есептік тоқсан аяқталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде есептік кезең үшін (ОКУД бойынша 1,2,3 нысаны бойынша) қаржылық есептілікті;
Тармақша б
б) Қарыз алушыға несиені аудару күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде / _______ (немесе Қарыз берушінің Өкілетті органының шешіміне сәйкес басқасы) растайтын құжаттарды қоса отырып, осы Шартқа №2 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша несиені мақсатты пайдалану туралы есеп/акті. Осы тармақта көрсетілген мерзімде мақсатына қарай несиені пайдаланудың растайтын құжаттары және есеп/акті ұсынылмаған жағдайда несие мақсатына қарай пайдаланылмады деп саналады;
Тармақ 4.2.14
4.2.14. осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін сақтандыру компанияларында кепіл мүлкін уақытылы сақтандыруды жүзеге асыруға (қамтамасыз етуге) Қоғамның өкілетті органы шешіміне сәйкес, сондай-ақ Кепілдік саясатына сәйкес міндетті сақтандыруға жататын кепілдер бойынша тармақ көрсетіледі.;
Тармақ 4.2.15
4.2.15. осы Шартқа сәйкес алынған ақшаға және ол бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты соңғы қарыз алушылар туралы ақпаратты, ақпаратты ашуға соңғы қарыз алушылардың келісімін ұсынумен сұраныстар негізінде қажеттілік туындауына қарай Қарыз берушіге, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде құқыққорғау органдарына несие досьесін қоса алғанда, бірақ шектелмей сыйақы мен негізгі қарызды төлеу, несиені мақсатты пайдалануды растауды ұсыну;
Тармақ 4.2.16
4.2.16. қамтамасыз ету алынған несиенің қаражаты есебінен соңғы қарыз алушылардың алған ақшалай қаражатын мақсатына қарай пайдалануды бақылауды;
4.2.17.Қарыз берушіге Қарыз алушымен ақпаратты ұсынуға соңғы қарыз алушылардың келісімі қосымшасымен соңғы қарыз алушыларға мониторинг жүргізу үшін қажетті және жеткілікті құжаттарды ұсыну;
Тармақ 4.2.18
4.2.18. соңғықарыз алушыларды қаржыландыруды осы Шарттың 3 тарауында көрсетілген шарттарға сәйкес жүзеге асыру және 100 % (жүз пайыздық) қайтарымдылықты қамтамасыз ету;
Тармақ 4.2.19
4.2.19. осы Шарттың қолданысының барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің реттеу талаптарын немесе шағын қаржылық ұйымдарға қолданылатын Қазақстандағы басқа реттеу талаптарын сақтау.
Тармақ 4.3
4.3. Қарыз беруші құқылы:
Тармақ 4.3.1
4.3.1. біржақты тәртіпте Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай осы Шарттың талаптарын өзгертуге;
Тармақ 4.3.2
4.3.2. алдын ала ескертусіз Қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайы туралы қажетті мәліметті алуға және тексеру жүргізуге;
Тармақ 4.3.3
4.3.3. Қарыз алушыны ескертусіз несиенің мақсатты пайдаланылуын тексеруге. Мақсатты пайдаланбау жағдайында мақсатты пайдаланбау фактісі анықталған сәттен бастап осы Шарттың 7.2. тармағына сәйкес айыппұлды есептеумен несие және ол бойынша нақты пайдаланғаны үшін есептелген сыйақы сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге;
Тармақ 4.3.4
4.3.4. Қарыз алушының осы Шарттың талаптарын орындауды бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақ 4.3.5
4.3.5. біржақты тәртіпте сыйақы бойынша төлемді кешіктіру және несиенің негізгі сомасын өтеу бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін өсімақыны уақытша тоқтату және жаңартуға;
Тармақ 4.3.6
4.3.6. Қарыз алушыдан несиені игеру, мақсатты пайдалану, қайтару туралы ақпаратты, Қарыз алушының борышкерлері алдында міндеттемелерді орындауы, осы Шарттың талаптарына сәйкес мерзімде және тәртіпте қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату, бұл кезде Қарыз алушы осындай ақпараттар мен құжаттардың дұрыстығы үшін жауап береді ;
Тармақ 4.3.7
4.3.7. осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған/ тиісті түрде орындамаған жағдай туындаған кезде (оның ішінде Дефолт, Кросс-дефолт) Қарыз беруші кез келген келесі шараларды жеке немесе жиынтықта қолдануға құқылы:
Тармақ 4.3.8
4.3.8. акцептсіз ретпен тһлем талап-тапсырмалары (осы Шарттың нотариалды расталған көшірмесін қосымшада бере отырып) және акцептсіз және/немесе даусыз ақшаны алуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да құжаттарда орындалатын, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс кез келген екінші деңгейлі банктер, қаржылық, несие ұйымдары мен мекемелерінде ашылған Қарыз алушының банктік шоттарына талап қою жолымен Қарыз алушының мерзімі кешіктірілген қарызының барлық сомасын кез келген валютада акцептсіз және даусыз тәртіпте алу.
Қарыз берушінің төлем құжаты Қарыз алушының банктік шотында ақша жеткілікті болған кезде онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы керек, ал қарыз берушінің төлем құжатында көрсетілген ақшаның барлық сомасын алу үшін, ақша жеткіліксіз болған жағдайда Қарыз алушының банктік шотына картотекада сақталады. басқа валютада (несие валютасына қарағанда) ақшаны акцептсіз алу кезінде, несие валютасына алынған ақшаны айналдыру Қарыз алушы есебінен жүзеге асырылады. Осы Шартқа қол қоя отырып Қарыз алушы келісімін береді және Қарыз берушіге осы шарт бойынша қарызды өтеуге және Шартпен қаралған басқа да төлемдерді өтеу үшін Қарыз алушының барлық шоттарынан акцептсіз ақша алу құқығын береді;
Тармақша б
б) несиенің барлық сомасын немесе несиенің бөлігін және ол бойынша сыйақы сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге;
Тармақша в
в) бұқаралық ақпараттық құралдарында Қарыз берушімен есептесуге қатысты осы Шарт бойынша қарыз алушының міндеттемелерді (Дефолте, Кросс-дефолте) орындамауы/ тиісті түрде орындамауы туралы ақпаратты жариялау және ақпаратты Несие бюросына ұсыну;
Тармақ 4.3.9
4.3.9. Негізгі қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген қарыз және мерзімі кешіктірілген сыйақы, сондай-ақ Шарттың басқа талаптарын бұзғаны үшін Қарыз алушыдан тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіруге;
Тармақ 4.3.10
4.3.10. Қарыз берушіден сыйақыны төлеу және/немесе несиенің кезекті бөлігін қайтару үшін орнатылған мерзімді Қарыз алушы бұзған кезде несие сомасы мен ол бойынша сыйақыны Қарыз алушыдан қайтаруын талап етуге;
Тармақ 4.3.11
4.3.11. осы Шарт және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған басқа да құқықтарды орындауға;
Тармақ 4.3.12
4.3.12. орнатылған мерзім ішінде негізгі қарыз және есептелген сыйақы бойынша кезекті төлемді енгізбеу жағдайында соттан тыс немесе сот тәртібінде кепілдегі мүлікке өндіртуге.
Тармақ 4.4
4.4. Қарыз беруші міндеттенеді:
Тармақ 4.4.1
4.4.1. Қарыз алушының өтінішімен ақысыз айына бір реттен жиі емес 3 (үш) жүмыс күнінен астам емес мерзімде жазбаша түрде осы Шарт бойынша қарызды өтеуге кезекті түсетін ақшаны тарату туралы ақпаратты ұсынуға (мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы мен басқа төлеуге жататын сомалар);
Тармақ 4.4.2
4.4.2. осы Шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе жартылай мерзімінен бұрын қайтару туралы Қарыз алушының өтініші бойынша - ақысыз 3 (үш) жұмыс күнінен астам емес мерзімде Қарыз алушыға мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы мен басқа төлеуге жататын сомаларды бөле отырып қайтарылуға тиісті соманың мөлшерін хабарлауға;
Тармақ 4.4.3
4.4.3. Қарыз алушыны осы Шартта қарастырылған әдістермен және меозімдерде, осы Шарт бойынша төлемді енгізу қажеттілігі мен міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіруі туралы хабардар етуге;
Тармақ 4.4.4
4.4.4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңында орнатылған мерзімдерде Қарыз алушының жазбаша өтінішіне жазбаша жауапты әзірлеу және қарастыруға;
Тармақ 4.4.5
4.4.5. 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша құқықты (талапты) шегіну кезінде бұл туралы қарыз алушыны (оның өкілетті өкілін) талап құқықтары берілген тұлға немесе Қарыз берушіге - несиені өтеу бойынша келесі төлемдердің тағайындалуы, сондай-ақ негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы және басқа төлеуге жататын сомаларға бөле отырып мерзімі кешіктірілген қарыздар мен ағымдағы қарыздардың қалдығының берілген құқықтар талаптарының толық көлемін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар ету .
Тармақ 4.5
4.5. Қарыз беруші құқылы емес:
Тармақ 4.5.1
4.5.1. төмендегі жағдайлардан басқа, біржақты тәртіпте осы Шартты жасау күніне орнатылған сыйақы мөлшерлемесін арттыру жағына қарай өзгертуге:
Тармақша а
а) осы Шартпен қарастырылған жағдайларда несиені алу және қызмет көрсетуге байланысты сенімді ақпаратты ұсыну бойынша Қарыз алушының өз міндеттемелерін бұзуы;
Тармақша б
б) Қарыз берушінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ осы Шартпен қарастырылған келесі жағдайларда міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап ету құқығы туындауы:
Қарыз берушіні алдын ала жазбаша ескертусіз шаруашылық серіктестіктің қатысуының үлестерінің он және одан астам пайызына жиынтықта ие болатын Қарыз алушының қатысушылар құрамы өзгерген жағдайда;
Қарыз алушы және/ немесе Кепіл берушімен кепіл ұстаушы болып табылатын Қарыз берушінің құқығы бұзылғанда құжаттар бойынша және нақты Қарыз берушіге кепілге берілген мүлікті қоса алғанда, Қарыз алушының (Кепіл беруші) мүлкіне талаптарды үшінші тұлғалар талап ету, кепілге берілген мүлікті сақтау шарттары, күйі, мөлшері мен бар болуын тексеру;
Тармақ 4.5.2
4.5.2. несиені алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі қарызды толық мерзімінен бұрын өтеу немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын есептемегенде тұрақсыздық айыбы немесе санкциялардың басқа түрлерін өндіру;
Тармақ 4.5.3
4.5.3. егер негізгі қарыз немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күнге тұспа-тұс келіп, сыйақы немесе негізгі қарызды төлеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылған жағдайда тұрақсыздық айыбы немесе санкциялардың басқа түрлерін төлетуге;
Тармақ 4.5.4
4.5.4. біржақты тәртіпте келесі жағдайларды есепке алмағанда, жасасқан Шарттың шеңберінде несиені беруді уақытша тоқтату:
Тармақша а
а) Қарыз берушінің несиені беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын Шартта қарастырылған жағдайлар;
Тармақша б
б) Шарт бойынша Қарыз берушінің алдында Қарыз алушының өз міндеттемелерін бұзуы;
Тармақша в
в) Қарыз берушінің ішкі несие саясатына сәйкес Қарыз берушімен жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау;
Тармақша г
г) қарыз берушінің Шартты тиісті орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының өзгеруі;
Тармақ 4.5.5
4.5.5. Қарыз алушыны, Кепіл берушіні кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге бағалаушы және/немесе сақтандыру ұйымын таңдауда шектеу.
Тарау 5. 5. НЕСИЕНІ БЕРУДЕН НЕМЕСЕ АЛУДАН БАС ТАРТУ
5. НЕСИЕНІ БЕРУДЕН НЕМЕСЕ АЛУДАН БАС ТАРТУ
Тармақ 5.1
5.1. Қарыз беруші, Қарыз алушыға берілген сома мерзімін қайтарылмауды айқын дәлелдейтін жағдайлар бар кезде, сондай-ақ мерзімін кешіктіру фактілерін анықтаған жағдайда, оның ішінде өтінім берген кезде екінші деңгейлі банктер, үшінші тұлғалар алдында ұсынылған қаржылық есептілік және басқа мәліметтердің дұрыс болмауы, қарыз алушыға несие сомасын беруден бас тартуға құқылы болады.
Тармақ 5.2
5.2. Қарыз алушы Қарыз берушіні бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып несиені алудан толықтай бас тартуға құқылы болады.
Тарау 6. 6. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН МЕРЗІМІ
6. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН МЕРЗІМІ
Тармақ 6.1
6.1. Шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және осы Шарт бойынша өзіне қабылданған барлық Тараптардың міндеттемелері толық орындалғанға дейін қолданыста болады
Тармақ 6.2
6.2. осы Шартты орындау кезінде Тараптар егер осы Шарттың талаптарымен өзгесі қарастырылмаса, Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.
Тарау 7. 7. ЖАУАПКЕРШІЛІК
7. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Тармақ 7.1
7.1. Қарыз алушы Қарыз берушінің алдында Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындамағаны және тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілікті көтереді.
Тармақ 7.2
7.2. Несиені мақсатына қарай пайдаланбау жағдайында Қарыз беруші Қарыз алушыдан мақсатына қарай пайдаланылмаған соманы мерзімінен бұрын қайтару және несиені мақсатына қарай пайдаланбаудан 25% (жиырма бес) пайыз мөлшерінде айыппұлды төлеуді талап етуге құқылы болады.
Тармақ 7.3
7.3. Осы Шарт бойынша сыйақы және/немесе негізгі қарызды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы орындаудың кешіктірілген әр күні үшін мерзімінде төленбеген сыйақы және/немесе негізгі қарыз сомасынан осы Шарттың 1.3. тармағымен қарастырылған сыйақының еселенген мөлшерінле Қарыз берушіге өсімақыны төлейді.
Тармақ 7.4
7.4. Осы Шарттың 4.2.3 тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде несие сомасын уақытылы игермеу/ игермеген жағдайда, Қарыз алушы игерілмеген несиенің сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұлды төлейді және игерілмеген несие сомасын уақытынан бұрын қайтарады.
Тармақ 7.5
7.5. Қарыз алушы осы Шартпен орнатылған басқа талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайында, Қарыз беруші Қарыз беруші Қарыз алушыдан әр бұзушылық үшін несие бойынша қарыз сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұлды - қалған бұзушылықтар бойынша, орындау мерзімімен орнатылған бұзушылықтар бойынша мерзімі кешіктірілген әр күн үшін несие бойынша қарыз сомасының қалғанынан 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) пайыз мөлшерінде өсімақыны төлеуді талап етуге құқылы болады.
Тармақ 7.6
7.6. Қарыз беруші осы Шартты орындау барысында алынған құпия ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілікті көтереді.
Тармақ 7.6
7.6. Қарыз алушыға жауапкершіліктің басқа шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 7.7
7.7. Қарыз берушінің қарауына қарай санкцияларды төлеу (айыппұл, өсімақы, қарызды төлету бойынша шығындар және т.б.) Қарыз алушыны міндеттемелерін орындау мен бұзушылықты жоюдан босатпайды.
Тармақ 7.8
7.8. Санкцияларды төлеу жазбаша талапты қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7.9
7.9. Қарыз алушы осы Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы Қарыз берушінің алдында өзіне меншік құқығында тиесілі барлық мүлкімен, теңге және шетел валютасында шоттарында ақшамен жауап береді.
Тармақ 7.10
7.10. Осы Шартқа қол қоюмен Қарыз алушы осы Шарттың талаптарын Қарыз алушы тиісті түрде орындамау немесе орындамауы кезінде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс кез келген қызмет көрсететін екінші деңгейлі банктер, қаржы, несие ұйымдары мен мекемелерінде теңге және шетел валютасында өзінің шоттарынан ақшаны акцептсіз шығынға жазу құқығын Қарыз берушіне қайтарусыз және талапсыщ ұсынады.
Тарау 8. 8. МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕУ ТӘРТІБІ, КРЕДИТ БОЙЫНША БЕРЕШЕК СОМАСЫН ӨНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК МҮЛІКТІ ӨНДІРІП АЛУҒА ЖҮГІНУ
8. МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕУ ТӘРТІБІ, КРЕДИТ БОЙЫНША БЕРЕШЕК СОМАСЫН ӨНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК МҮЛІКТІ ӨНДІРІП АЛУҒА ЖҮГІНУ
Тармақ 8.1
8.1. Қарыз алушының Қарыз берушіні кемінде 3 (үш) жұмыс күннен бұрын жазбаша хабарлауы болған кезде осы Шарт бойынша кредитті ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге жол беріледі.
Тармақ 8.2
8.2. Қарыз берушіге Қарыз алушыдан осындай өтеу және Қарыз берушінің банк шотына көрсетілген кезектілікте толық көлемде келесі төлемдер туралы өтініш келген кезде кредитті толық мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылды деп саналады:
Тармақша 1
1) сыйақыны есептеу;
Тармақша 2
2) осы Шарт бойынша негізгі қарыздың қалған сомасы.
Тармақ 8.3
8.3. Қарыз берушіге Қарыз алушыдан осындай өтеу және Қарыз берушінің банк шотына мерзімінен бұрын өтелетін сома туралы өтініш келген кезде кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылды деп саналады.
Тармақ 8.4
8.4. Қарыз алушыдан кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу және Қарыз берушіге мерзімінен бұрын өтеу сомасын аудару туралы жазбаша хабарлама негізінде, соңғысы кредит бойынша кезекті төлемді енгізу күнінен кешіктірмей мерзімде төлемдерді өтеудің жаңа кестесін құрады және Қарыз алушымен қол қояды, ол болашақ төлемдер үшін негіз болып табылады, осы Шартқа №1 қосымша ретінде тіркеледі және жаңа кестеге қол қойған күннен бастап күшін жоятын бұрынғы кестені ауыстырады.
Тармақ 8.5
8.5. Тараптар, ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде осы Шартқа қосымша келісімді ресімдеу, мерзімінен бұрын өтеу сәтінде әрекет ететін кредитті ұсыну параметрлерін сақтау шартымен (кредитті пайдалану мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, кредит валютасы және т.б.) талап етілмейді деп келіседі.
Тармақ 8.6
8.6. Қарыз берушіге Шарттан бір жақты бас тарту жолымен осы Шарттың әрекетін мерзімінен бұрын тоқтатуға және келесі жағдайларда осы Шартқа сәйкес Қарыз алушыдан тиесілі есептелген сыйақы және өзге сомалармен бірге кредит сомасын толық көлемде өндіріп алуға ұсынуға болады:
Тармақша 1
1) Қарыз берушінің осы Шарт бойынша кез келген талабын бұзған жағдайда;
Тармақша 2
2) Қарыз алушы төлемдерді өтеу кестесін және осы Шарттың 1.1., 2.6. және 2.7.-тармақшаларында баяндалған талаптарды орындамау немесе дұрыс орындамау жағдайында;
Тармақша 3
3) кредитті мақсатсыз пайдалану жағдайында;
Тармақша 4
4) Қарыз алушыда кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаттың болмай және олардың түсу перспективасы болмаған кезде;
Тармақша 5
5) егер Қарыз алушының осы Шарт бойынша мерзімі өткен міндеттемелері болса;
Тармақша 6
6) егер Қарыз алушының кепілге салынған мүлігіне және/немесе кез келген банкте, жеке банк операцияларын жүзеге асыратын, ұйымдарда, және өзге кредиттік ұйымдарда оның банк шотын тәркіге салу немесе өндіріп алуға өтініш жасалса (немесе осыған нақты қауіп болса);
Тармақша 7
7) егер Қарыз алушының қатысуымен әлдекімнің осы Шарттың шынайылығына дауласу туралы соттың істі қарауы жүргізілсе;
Тармақша 8
8) Қарыз берушінің негізді пікірі бойынша Қарыз алушының төлем қабілеттілігіне және оның осы Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін өзге жағдайларда.
Тармақ 8.7
8.7. Қарыз беруші осы Шарт талаптарына сәйкес Қарыз алушыдан тиесілі есептелген сыйақы және өзге сомалармен бірге толық көлемде кредит сомасын өндіріп алуға ұсынуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ келесі жағдайларда соттан тыс және/немесе сот жүзінде кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға жүгінуге құқығы бар:
Тармақша 1
1) Қарыз алушы және/немесе Қарыз беруші осы Шарт талаптарын және/немесе кепіл Шартын бұзған жағдайда;
Тармақша 2
2) Қарыз алушы төлемдерді өтеу кестесін және Шарттың 1.1., 2.6. және 2.7.-тармақтарында баяндалған талаптарды орындамау немесе дұрыс орындамау жағдайында;
Тармақша 3
3) кредитті мақсатсыз пайдалану жағдайында;
Тармақша 4
4) Қарыз алушыда кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаттың болмай және олардың түсу перспективасы болмаған кезде;
Тармақша 5
5) Егер Қарыз алушы осы Шарт бойынша белгіленген кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынудан бас тартса;
Тармақша 6
6) Егер Қарыз алушының осы Шарт бойынша мерзімі өткен міндеттемесі болса;
Тармақша 7
7) егер мемлекеттік мұқтаждық үшін кепілге салынған мүлікті алу (сатып алу) болжанса;
Тармақша 8
8) егер Қарыз алушының/Гаранттың кепілге салынған мүлігіне, мүлігіне және/немесе кез келген банкте (жеке банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда, және өзге кредиттік ұйымдарда) банк шотын тәркіге салу немесе өндіріп алуға өтініш жасалса немесе осыған нақты қауіп болса;
Тармақша 9
9) кепілге салынған мүлік құрамында кез келген өзгерістер, осындай мүліктің нашарлау және/немесе жоғалу немесе нашарлау және/немесе жоғалу қаупі туындаған кезде;
Тармақша 10
10) если ведется разбирательство в судах с участием Заемщика Залогодателя/Гаранта, об оспаривании кем-либо действительности настоящего Договора и/или Договора залога/гарантии; егер Қарыз алушы Кепіл беруші/Гаранттың қатысуымен әлдекімнің осы Шарттың және/немесе кепіл/гарант Шартының шынайылығына дауласу туралы соттың істі қарауы жүргізілсе;
Тармақша 11
11) Қарыз берушінің негізді пікірі бойынша Қарыз алушының төлем қабілеттілігіне және оның осы Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін өзге жағдайларда.
Тарау 9. 9. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАУ (ДЕФОЛТ, КРОСС-ДЕФОЛТ)
9. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАУ (ДЕФОЛТ, КРОСС-ДЕФОЛТ)
Тармақ 9.1
9.1. Осы Шарт мақсаты үшін Дефолт деп Қарыз беруші алдында осы Шарт бойынша немесе Қарыз берушімен жасалған басқа шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін орындамау немесе дұрыс орындамау түсіндіріледі.
Кросс дефолт Қарыз алушының үшінші тұлғалар алдында кредиттің үштен бір бөлігі сомасынан асатын сомаға өзінің міндеттемелерін орындамауын немесе дұрыс орындамауды білдіреді.
Тармақ 9.2
9.2. Дефолт/Кросс-дефолт қаупі туындаған кезде Қарыз алушы Қарыз берушіге Дефолт/Кросс-дефолт болатын және/немесе болып табылатын жағдайды, оның ішінде оларды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты көрсетіп дереу жазбаша хабарлама жолдауға міндетті.
Дефолт/Кросс-дефолт қаупі болған кезде Қарыз беруші Қарыз алушыға Дефолт/Кросс-дефолт қаупін жою үшін мерзім белгілеп жазбаша хабарлама жолдауға құқылы.
Тарау 10. 10. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
10. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Тармақ 10.1
10.1. Дүлей апат (су басу, жер сілкіну, эпидемия), әскери шиеленіс, әскери төңкеріс, лаңкестік акті, азаматтық толқулар, ереуіл, Үкімет, Қазақстан Республикасы Ұлтттық Банкі тарапынан ұйғарымдар, бұйрықтар немесе өзге әкімшілік араласу немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға әсер ететін қандай да бір басқа қаулы, әкімшілік немесе үкіметтік шектеулер, немесе тараптардың қисынсыз бақылауынан тыс өзге жағдайлар көрінісімен тікелей немесе жанама туындаған, еңсерілмес күш жағдайы туындаған жағдайда, осы міндеттерді орындау мерзімі егер олар барлық Шарттың немесе еңсерілмес күш жағдайы туындағаннан кейін орындауға жататын оның бөлігін орындауға елеулі әсер ететін болса, осы оқиғлар әрекет еткен уақытқа сәйкестей отырып жылжытылады.
Тармақ 10.2
10.2. Шартты орындауға осы тарауда белгіленген кедергі келтірулер кез келген мемлекеттік орган беруі тиіс Шартты орындау үшін қажет рұқсатты, лицензияны немесе келуге рұқсатты, немесе мақұлдауды қамтымайды.
Тармақ 10.3
10.3. Екі Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін еңсерілмес күш жағдайының басталуы және аяқталуы туралы бірін бірі дереу жазбаша хабардар етуі тиіс.
Тармақ 10.4
10.4. Еңсерілмес күш жағдайына сүйенетін Тарап оны растау үшін құзыртті мемлекеттік органның құжатын ұсынуға міндетті.
Тарау 11. 11. ШАРТ БОЙЫНША ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫНАН ШЕГІНУ
11. ШАРТ БОЙЫНША ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫНАН ШЕГІНУ
Тармақ 11.1
11.1. Қарыз алушының осы Шарт бойынша өзінің құқықтарын және міндеттерін Қарыз берушінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 11.2
11.2. Осы Шарт бойынша Тараптың құқықтық мұрагері осы Шарт бойынша талап құқығын және міндеттерді, оның ішінде ықтималды дауларды және келіспеушіліктерді реттеуге байланысты талап ету құқығы және міндеттерді тікелей өзіне қабылдайды.
Тарау 12. 12. ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРЫ
12. ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРЫ
Тармақ 12.1
12.1. Осы Шарт бойынша талаптарды орындау процессінде туындайтын келіспеушіліктерді Тараптар өзара қолайлы шешімді құру мақсатында алдын ала тәртіпте қарайды.
Тармақ 12.2
12.2. Келісімге қол жетпеген Тараптар арасындағы барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот жүзінде шешіледі.
Тармақ 12.3
12.3. Қарыз алушы Шартта көрсеткен мекенжай бойынша жазбаша түрде Қарыз беруші жолдаған хабарламалар жеткізілді деп саналады.
Тарау 13. 13. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
13. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
Тармақ 13.1
13.1. Осы Шарт бойынша барлық хабарлама, ескертулер, наразылықтар және басқа құжаттарды, Тараптың заңнамалық немесе негізді сұранысы белгілі нысанда құжатты ұсыну туралы талап қамтылған жағдайды қоспағанда, Тараптарға пошта, телеграмма, курьермен, факспен, электронды поштамен жолдауға болады. Санкцияны төлеу туралы наразылық және Шартты бұзу туралы хабарлама тапсырыс хатпен немесе курьермен қол қойып жолданады, сондай-ақ Қарыз берушінің қалауы бойынша қосымша Қарыз алушының электронды мекенжайына жолдауға болады.
Тармақ 13.2
13.2. Осы Шарт талаптарын тек қана Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертуге болады, олар қосымша келісіммен жазбаша ресімделеді, осы Шартпен белгіленген жағдайлардан басқалары.
Тармақ 13.3
13.3. Қарыз алушы _________________ кредиттік бюроға ол туралы ақпаратты ұсынуға, кредиттік бюроның Қарыз берушіге ол туралы кредиттік есепті беруге, берілген кредит туралы мәліметке, сондай-ақ ол туралы ақпарат ұсынуға, берілген кредит туралы мәлімет және мемлекеттік органдарға (оның ішінде құқық қорғау), сондай-ақ «КазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдинг» акционерлік қоғамына және оның еншілес ұйымдарына осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау туралы барлық мәліметтерді ұсынуға келісім берді.
Тармақ 13.4
13.4. Осы Шарт бірдей заңды күші бар орыс және қазақ тілдерінде Тараптар үшін бір-бірден 2 (екі) данада құрылды. Орыс және қазақ тілдерінде мәтіннің басқаша оқылуы кезінде орыс тіліндегі мәтін басымдыққа ие.
ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Қарыз берушіден: ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) м.о.
Қарыз алушыдан:___________________ (Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) м.о.
Негіздеме: шешім _______________ №_____ «__» ______ 20___ жылғы
Қарыз алушының қолы _________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
маманның қатысуымен қойылды
____________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 1
Несиені беру туралы Шартқа
№1 Қосымша
№ __-ШҚҰ-__ «__» ___ 20____ жылғы
Соңғы қарыз алушыларға шағын несиелерді беру туралы
ЕСЕП
№
Соңғы Қарыз алушының атауы
Жобаның атауы
Экономика саласы
Іске асыру орны (аудан, қала)
Қарыз қаражатының мақсатты пайдаланылуы
Несиені беру күні
Несиелендіру мерзімі, айлар
Несие сомасы, теңге
Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
БАРЛЫҒЫ:
кестенің жалғасы
Жобаның есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары
Өнімді өндіру туралы ақпарат
Көрсетілген қызметтер туралы ақпарат
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық төлемдеру туралы ақпарат
№
Күні
Несиені беру туралы Шарты
11
12
13
14
15
16
Лауазымды тұлға __________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) қолы, мөр
Жауапты қызметкер _____________________ Т.А.Ә
қолы
Қарыз беруші: ________________ Қарыз алушы: _________________
_____________________ ___________________________
м.о. м.о.