Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2021 год

Қаулы · № 296 · қабылданған 15.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-150175/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2021 год Күшін жойған Қаулы ·№ 296 ·15.12.2020
20.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2021 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 296 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
296
Қабылданған күні
15.12.2020
Көрсетілген редакция
20.12.2021 150175_557432.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ZK006556
ЭКБ идентификаторы
150175
Редакция идентификаторы
150175_557432
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:03

0 Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 116 «Тасқала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6210 тіркелген, 2020 жылы 05 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сонымен қатар Тасқала ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Тасқала ауданы әкімдігінің 20___ жылғы «____»____________ № _______ қаулысына қосымша
Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота саны,
%
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Тасқала ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізуге құқылы) «Таскала аудандық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
63
2
1
2
Таскала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
105
3
3
3
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы «Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
55
2
1
4
Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді, дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
118
3
4
5
«Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
55
2
1
6
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Шежін орта «мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
76
2
2
7
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тасқала аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
253
4
10
8
Тасқала аудандық білім бөлімінің «Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
77
2
2
Барлығы
802
24

Қолданыстағы