Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мугалжарскому району на 2021 год Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота: елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бір артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 396 қаулысына қосымша 2021 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша мүгедектері үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота № Ұйымдардың атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) Жұмыс орындарының саны (бірлік) 1 «Актобе мунай маш комплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 111 3% 3 2 «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұғалжар аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 103 3% 3 3 «Кентавр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 63 2% 1 4 «Мұғалжар аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ембіжылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 53 2% 1 5 «Силикат-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51 2% 1 6 «Көктас» акционерлік қоғамы 52 2% 1 7 «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 63 2% 1 8 «AltynEx Company» акционерлік қоғамы 100 2% 2 9 «Вернал Ойл Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 60 2% 1 10 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 51 2% 1 11 Жеке медициналық мекеме «Шапағат» ауруханасы» 84 2% 2 12 «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 65 2% 1 13 «Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 100 2% 2 14 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 56 2% 1 15 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Самал» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 52 2% 1 16 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 119 3% 4 17 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» бөбекжай –бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 54 2% 1 18 «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 74 2% 1 19 «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 54 2% 1 20 «Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мұғалжар аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 83 2% 2