Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Мартукскому району на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Мартукскому району на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 27.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2021 152501_507172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CH008029
- ЭКБ идентификаторы
- 152501
- Редакция идентификаторы
- 152501_507172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:43
0 2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Мәртөк ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 27 қаңтардағы
№ 9 қаулысына қосымша
2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
(қызметкерлердің тізімдік санынан%)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жайсаң көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
92
2
2
2
«Мартук Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10
1
1
3
«Алихан ойл З» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
187
3
6
4
Жеке кәсіпкер «Уксикбаева Айжан Жарылкасыновна»
16
1
1
5
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мәртөк аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
374
3
11