Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по Жанибекскому району на 2021 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде: осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде; осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы №73 «Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 тіркелген, 2020 жылы 11 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Молдағалиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ______________ қаулысына 1-қосымша Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота № Ұйымның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның көлемі (%) Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны 1. «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 111 1 1 2. «Символ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80 1 1
Басқа 7. Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ______________ қаулысына 2-қосымша Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота № Ұйымның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның көлемі (%) Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны 1. «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 111 1 1 2. «Символ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 80 1 1
Басқа 8. Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ______________ қаулысына 3-қосымша Жәнібек ауданы бойынша 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота № Ұйымның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның көлемі (%) Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 42 2 1