Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2021 год

Қаулы · № 40 · қабылданған 01.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152628/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 40 ·01.02.2021
01.02.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 40 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Кобдинскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
01.02.2021
Көрсетілген редакция
01.02.2021 152628_507425.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CG008038
ЭКБ идентификаторы
152628
Редакция идентификаторы
152628_507425
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:42

0 2021 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 8) тармағына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қобда ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 1 ақпандағы
№ 40 қаулысына қосымша
2021 жылға Қобда ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Белгіленген квота мөлшері
Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
50
2
1
2
«Қобда-Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
51
2
1

Қолданыстағы