О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2022 – 2024 годы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген
трансферт туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2022 жыл – 4 030 000 000 мың теңге;
2023 жыл – 2 200 000 000 мың теңге;
2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.