Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бокейординскому району на 2022 год Күшін жойған
Басқа 0
Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөкей ордасы ауданы бойынша жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. «Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернетресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Бөкей ордасы ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «22» қарашадағы
№168 қаулысына қосымша
Бөкей ордасы ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны), %
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны, адам
1
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі
112
3
1
2
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі
119
3
1
3
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Бөкей ордасы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
234
4
1
4
"Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкей ордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
61
2
1
6
"Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі
71
2
1
7
Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
51
2
1