Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Жангалинскому району на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Жангалинскому району на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 18.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 163948_601889.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZE00005A
- ЭКБ идентификаторы
- 163948
- Редакция идентификаторы
- 163948_601889
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:42
0 Жаңақала ауданы бойынша
2022 жылға
мүгедектігі
бар адамдар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2 2. «Жаңақала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
5 Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 18 қаңтардағы
№ 5 қаулысына қосымша
Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
97
2%
2
2
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Карманов мектеп-бөбекжай балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
62
2%
1
3
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1