Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области на 2022 год Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 10 (он) теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.