Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим образованием на 2023-2024 учебный год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 06 қазандағы № 223 қаулысына қосымша 2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы № Білім беру саласының коды және сыныптамасы Білім беру бағдарламаларының атауы 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Оқу жылында 1 маманды оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (теңге) күндізгі оқу 11 Бакалавриат ВМ086 Жалпы медицина 15 1 188 000 22 Бакалавриат В057 Ақпараттық техналогиялар (IT бағыты) 20 1 004 700