Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Курчумскому сельскому округу на 2023-2024 годы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Күршім ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Күршім ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №14/10-VІΙΙ шешіміне қосымша Күршім ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Күршім ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. Жоспар құрамында:
Тармақша 1
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Күршім ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);
Тармақша 2
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);
Тармақша 3
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);
Тармақша 4
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);
Тармақша 5
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);
Тармақша 6
6) Күршім ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша). Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Күршім ауылдық округінде 3 елді мекен бар. Ауылдық округтің жалпы жерқоры 107534 гектар (бұдан әрі-га). Соның ішінде жайылымдар - 71919 га. Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 99155 га; елдi мекендердiң жерлерi - 1033 га; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 3257 га; Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Топтерек, Алғабас, Күршім елді-мекендерінің тұрғындары болып табылады. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды. 2023 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Күршім ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал 9038 бас, оның ішінде аналық мал 3887 бас, ұсақ қара мал 16268 бас, жылқы 2495 бас. Күршім ауылында ірі қара мал - 3600 бас, ұсақ мал - 8391 бас, жылқы - 615 бас. Күршім ауылы жайылымдарының ауданы - 3756 гектар. Алғабас ауылында: ірі қара мал - 1390 бас, ұсақ мал - 3265 бас, жылқы - 221 бас. Алғабас ауылының жайылым алаңы - 796 гектар. Топтерек ауылында: ірі қара мал - 665 бас, ұсақ мал - 872 бас, жылқы - 150 бас. Топтерек ауылы жайылымдарының ауданы - 307,5 гектар (№ 1 кесте). № 1 кесте № Ел­ді ме­кен ата­уы пункт­тер Ха­лық Ауыл­дық округ Бар­лы­ғы ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар Бар­лы­ғы Оның ішін­де са­уын сиыр­лар бар­лы­ғы Оның ішін­де са­уын сиыр­лар 1 Күр­шім 3600 2145 8391 615 Күр­шім 5655 3887 12528 986 2 Алғабас 1390 1107 3265 221 3 Топтерек 665 635 872 150 Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1-ветеринарлық пункт, 2-мал қорымы ұйымдастырылған. Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Күршім ауылдық округі бойынша 99155 гектар жайылым жерлер бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Күршім ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 4859 гектар бар жайылымдық алқаптарындағы жетіспеушілік 971,5 гектар құрайды (№ 2 кесте). № 2 кесте № Ауылдық округі Жайылым алаңы, (га) Оның ішінде сауын сиырлар (бас) Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га) Жайылымдардың қажеттілігі, (га) Артырылған, (га) 1 Күршім 4859 3887 1,5 5830,5 971,5 Күршім ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 4859 гектар берілді. Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 971,5 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы - 1,5 га/бас, ұсақ мал - 0,3 га/бас, жылқы - 1,8 га/бас (№ 3 кесте). № 3 кесте № Ауыл­дық окру­гі Ха­лық Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га) Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га) Мал жаю үшін бе­ріл­ді, га Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га) ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар Бар­лы­ғы (га) 1 Күр­шім 5655 12528 986 1,5 0,3 1,8 8482,5 3758,4 1774,8 14015,7 4859 9156,7 9156,7 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-072-027 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет. Күршім ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде (бұдан әрі - ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарында мал басы: ірі қара мал - 3383 бас, ұсақ қара мал - 3740 бас, жылқы - 150 басты құрайды. ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 16706,3 га құрайды (№ 4 кесте). №4 кесте № Жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы Жал­пы ауда­ны (га) Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша бар бо­луы Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га) Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га) Бар лы­ғы МІМ МҰМ Жыл­қы МІМ МҰМ Жыл­қы МІМ МҰМ Жыл­қы Ι ЖШС, ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры 16706,3 3383 3740 1509 1,5 0,3 1,8 5074,5 1122 2716,2 8912,7 Жиы­ны Ар­ты­л­ға­ны 7793,6 Аббревиатуралардың толық жазылуы: МІМ – мүйізді ірі мал; МҰМ - мүйізді ұсақ мал; ШҚ-шаруа қожалығы.
Басқа 11. Күршім ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 1 қосымша Күршім ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Басқа 12. Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 2 қосымша Жайылым айналымының қолайлы схемалары Жылдар Учаскелер 1 2 3 1 Мал жаю Мал жаю Демалыс 2 Мал жаю Демалыс Мал жаю
Басқа 13. Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 3 қосымша Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Басқа 14. Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 4 қосымша Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Басқа 15. Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 5 қосымша Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Басқа 16. Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 6 қосымша Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Басқа 17. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Күршім ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға 7 қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі № Округ атауы Жайылымға малдардың шығарылу мерзімі Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі 1 Күршім ауылдық округі Маусымның 1 жартысы Қыркүйектің 1 жартысы