Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Калгутинскому сельскому округу на 2023-2024 годы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалғұты ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қалғұты ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №14/11-VІΙΙ шешіміне қосымша Қалғұты ауылдық округінің 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Қалғұты ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. Жоспар құрамында:
Тармақша 1
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Қалғұты ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);
Тармақша 2
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);
Тармақша 3
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);
Тармақша 4
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);
Тармақша 5
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);
Тармақша 6
6) Қалғұты ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша). Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды. Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округінің табиғи аймағы - таулы, жайылымдардың басым түрі: итмұрын және қайың көктеректі шөптер, селеу-сұлыбас-тобылғы. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінде 3 елді мекен бар. Ауылдық округтің жалпы жерқоры 85829 гектар (бұдан әрі - га). Соның ішінде жайылымдар - 74256 га. Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 79303 га; елдi мекендердiң жерлерi - 192 га; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 85 га. Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Қаратоғай, Ақши, Егіндібұлақ ауылдарының тұрғындары болып табылады. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды. 2023 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал - 7459 бас, ұсақ мал - 20119 бас, жылқы - 2678 бас. Қаратоғай ауылында ірі қара мал - 877 бас, ұсақ мал - 2989 бас, жылқы - 339 бас. Қаратоғай ауылы жайылымдарының ауданы - 1775 гектар. Ақши ауылында: ірі қара мал - 773 бас, ұсақ мал - 2694 бас, жылқы - 199 бас. Ақши ауылының жайылым алаңы - 2118,1 гектар. Егіндібұлақ ауылында: ірі қара мал - 250 бас, ұсақ мал - 535 бас, жылқы - 119 бас. Егіндібұлақ ауылы жайылымдарының ауданы - 2827,1 гектар (№ 1 кесте). № 1 кесте № Ел­ді-ме­кен ата­уы Ха­лық Ауыл­дық округ Бар­лы­ғы ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар бар­лы­ғы Оның ішін­де са­уын сиыр­лар бар­лы­ғы Оның ішін­де са­уын сиыр­лар 1 Қа­ра­то­ғай 877 606 2989 339 Қал­ғұ­ты 1900 1474 6218 657 2 Ақши 773 655 2694 199 3 Егіндібұлақ 250 213 535 119 Округте ауыл шаруашылық жануарларына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1- ветеринарлық пункт, 4 - мал қорымы ұйымдастырылған. Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Қалғұты ауылдық округі бойынша 79303 гектар жайылым жерлер бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Қалғұты ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 6720 гектар бар жайылымдық алқаптарында артықшылығы 3035 га (№ 2 кесте). № 2 кесте № Ауылдық округі Жайылым алаңы, (га) Сауын сиырлардың бар болуы (бас) Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га) Жайылымдардың қажеттілігі, (га) Артылған, (га) 1 Қалғұты 6720 1474 2,5 3685 3035 Қалғұты ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 6720 гектар берілді. Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 3685 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы - 2,5 га/бас, ұсақ мал - 0,5 га/бас, жылқы - 3,0 га/бас (№ 3 кесте). № 3 кесте № Ауыл­дық окру­гі Ха­лық Жай­ы­лым­ға­қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га) Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га) Мал жаю үшін бе­ріл­ді, (га) Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га) ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар ІҚМ ҰҚМ Жыл­қы­лар Бар­лы­ғы (га) 1 Қал­ғұ­ты 1900 6218 657 2,5 0,5 3,0 4750 3109 1971 9830 6720 3110 3110 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-036 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет. Қалғұты ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде (бұдан әрі - ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарында мал басы: ірі қара мал - 5559 бас, ұсақ қара мал - 13901 бас, жылқы - 2021 басты құрайды. ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 32384 га құрайды (№ 4 кесте). № 4 кесте № Жер учас­ке­ле­рі­нің мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы Жал­пы ауда­ны (га) Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша бар бо­луы Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га) Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га) Бар­лы­ғы МІМ МҰМ Жыл­қы МІМ МҰМ Жыл­қы МІМ МҰМ Жыл­қы Ι ЖШС, ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры 32384 5559 13901 2021 2,5 0,5 3,0 13897,5 6950,5 6063 26911 Жиы­ны Ар­ты­л­ға­ны 5473 Аббревиатуралардың толық жазылуы: МІМ – мүйізді ірі мал; МҰМ - мүйізді ұсақ мал; ШҚ-шаруа қожалығы.
Басқа 11. Қалғұты ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 1 қосымша Қалғұты ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Басқа 12. Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 2 қосымша Жайылым айналымының қолайлы схемалары Жылдар Учаскелер 1 2 3 1 Мал жаю Мал жаю Демалыс 2 Мал жаю Демалыс Мал жаю
Басқа 13. Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 3 қосымша Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Басқа 14. Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 4 қосымша Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Басқа 15. Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 5 қосымша Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Басқа 16. Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 6 қосымша Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Басқа 17. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Қалғұты ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына 7 қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі № Округ атауы Жайылымға малдардын шығарылу мерзімі Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі 1 Қалғұты ауылдық округі Маусым 1 жартысы Қыркүйек 2 жартысы