Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы Отырарского района на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды,
сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға
квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қарашадағы
№295 қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Жұмыс орындарының саны
Отырар ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отырар аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
114
1 (1,14)
1
Басқа 6. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қарашадағы
№295 қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Жұмыс орындарының саны
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
121
1 (1,21)
1