Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы  жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Арыс қаласы әкімдігінің «__» _____ 20__ жылғы № ___қаулысына қосымша Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері № Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы Ұйымның штаттық құрамы Квота мөлшері (%) Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (дана) 1. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Арыс аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 916 4 30 6 2. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 50 2 0 1 3. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Монтайтас жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 65 2 0 1 4. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қаражантақ» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 68 2 0 1 5. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 60 2 0 1 6. Барлығы 1159 30 10