Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетілген Жарма ауданы ұйымдарына қосымшаға сәйкес белгіленсін. елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Жарма ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «29» қарашадағы № 483 қаулысына қосымша Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі № Ұйымның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) Белгіленген квота мөлшері (%) Жұмыс орындар саны (бірліктер) 1 Абай облысы білім басқармасының «Жарма технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 77 2 2 2 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «П.Г.Карелин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 96 2 2 3 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Георгиевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 139 3 4 4 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 76 2 1 5 Абай облысы денсаулық сақтау басқарамасының «Жарма ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 346 4 14 6 Абай облысы денсаулық сақтау басқарамасының «Шар қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 293 3 11 7 Жарма ауданы әкімдігінің «Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 54 2 1 8 Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 121 3 3 9 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Маяковский атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 136 3 4 10 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Т.Кобдыкова атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 64 2 1 11 Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 86 2 2 12 «Қамқорлокомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалы 135 3 4 13 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 97 3 3 14 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Бақыршық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 105 3 3 15 «Шалабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 114 3 3 16 Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 134 3 4 17 Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша «Б.Тұрсұнов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 76 2 1